Алаяқтықтан сақтан!

Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтықтың түрлі тәсілдері кездеседі.

Бейтаныс адамдардың қоңырауы, жалған сілтемелер, күмәнді хабарламалар арқылы азаматтардың жеке деректері мен қаражатын иемденуге әрекет жасалуы мүмкін.

 

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін кез келген ақпаратқа бірден сене бермей, оның шынайылығын тексерген жөн. Банк картасының деректерін, құпия сөздерді және SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамға беруге болмайды. Күмәнді жағдайда асығыс шешім қабылдамай, құқық қорғау органдарына немесе тиісті мекемеге жүгінген дұрыс.

 

Б.Бектенов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT