Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтықтың түрлі тәсілдері де көбейіп келеді.
Алаяқтар телефон арқылы хабарласып, банк қызметкері немесе басқа да ұйым өкілі ретінде танысып, азаматтарды алдауға тырысады. Кей жағдайда жалған сілтемелер жіберіп, жеке мәліметтерді қолға түсіруге әрекет жасайды.
Сондықтан кез келген күмәнді қоңырау мен хабарламаға сақтықпен қарау қажет. Банк картасының нөмірін, құпия сөзді, SMS арқылы келген кодты бөгде адамға айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексерген жөн. Қырағылық танытып, асығыс шешім қабылдамау – алаяқтықтан қорғанудың басты жолы.
Сандуғаш Төлегенова



