Қазіргі уақытта интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болу маңызды.
Белгісіз нөмірден хабарласып, банк қызметкері ретінде танысатын немесе жеке мәліметтерді сұрайтын адамдарға сенуге болмайды. Әсіресе, SMS арқылы келген кодты, банк картасының деректерін және құпиясөздерді бөгде адамға бермеу қажет. Кез келген күмәнді ұсынысты тексеріп, асығыс шешім қабылдамаған жөн. Қаржылық қауіпсіздік әр адамның өз қаражатына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
А.Есенова




