Алаяқтық – сенімге селкеу түсіретін қылмыс

Қазіргі таңда алаяқтық қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың біріне айналып отыр. Әсіресе, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбеюі әрбір азаматтың сақтығы мен құқықтық сауаттылығын талап етеді.

Менің ойымша, алаяқтық – біреудің сенімін пайдаланып, заңсыз пайда табуды көздейтін әрекет. Мұндай қылмыс материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адамдардың бір-біріне деген сеніміне де нұқсан келтіреді. Сондықтан әр азамат бейтаныс адамдарға жеке деректерін бермеуге, күмәнді сілтемелер мен ұсыныстарға сенбеуге және қаржылық операцияларды мұқият тексеруге дағдылануы қажет.

Заң мен тәртіп сақталған қоғамда ғана адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Алаяқтықтың алдын алуда құқық қорғау органдарының жұмысы маңызды болғанымен, әр адамның жеке жауапкершілігі мен қырағылығы да үлкен рөл атқарады. Заңды құрметтеп, сақтық шараларын ұстану арқылы біз өзімізді де, жақындарымызды да мұндай қылмыстардан қорғай аламыз.

Гүлназым Есмұханқызы

Мансап орталығының кәсіптік бағдар беру маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT