Алаяқтық – қоғамға төнген қауіп

Менің ойымша, алаяқтық – адамдардың сенімін пайдаланып, заңсыз пайда табуға бағытталған ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. 

Қазіргі уақытта телефон, интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтардың арбауына түсіп, қаржысынан немесе жеке деректерінен айырылып жатқан азаматтар аз емес. 

Сондықтан әрбір адам сақтық танытып, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерін бермеуі, күмәнді ұсыныстарға сенбеуі қажет. Алаяқтықпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп санаймын. Заңды құрметтеп, сергек болу арқылы мұндай қылмыстардың алдын алуға болады.

   
   Айбол Қайратұлы
 облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT