Қазіргі таңда алаяқтықтың түрлі тәсілдері кездеседі.
Әсіресе телефон арқылы хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру немесе жалған сілтеме жіберу жағдайлары жиі ұшырасады. Сондықтан кез келген күмәнді қоңырау мен хабарламаға сақтықпен қараған жөн.
Банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамға беруге болмайды. Қаржылық қауіпсіздікке немқұрайлы қарамау – өз мүлкіңді қорғаудың маңызды қадамы.
Айгүл Серікқызы



