Айналамызды таза ұстайық!

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын.

Тазалық әр адамның өзінен басталады. Сондықтан туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы тек арнайы қызметтердің емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі деп есептеймін.
Бұл акция адамдарды бірлікке, еңбекке және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Аула, көше, саябақтарды тазалау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым істердің өзі қоғамға үлкен пайда әкеледі. Ең бастысы – тазалықты тек акция кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру.
Мен «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймын және әр азамат өз аумағының тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түсетініне сенемін. Таза ел – баршаға ортақ міндет әрі жарқын болашақтың негізі.

                                                                Бағытжан Достанов 
                                                                   Жеке кәсіпкер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT