Олақ
Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін үлкен мәселе.
Пара беру немесе пара алу арқылы мәселені шешу әділдік қағидасын бұзады және заңды сақтап жүрген азаматтардың құқығына нұқсан келтіреді.
Мен сыбайлас жемқорлықты тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты мәселе деп ойламаймын. Оның алдын алу әр адамның өзінен басталады. Егер әр азамат өз жұмысын адал атқарып, заңды айналып өтудің жолын іздемей, әділдікке сенсе, қоғамда жемқорлықтың азаюына үлкен үлес қосылады.
Кейде адамдар «бір істі тез бітіру үшін» немесе «жұмысымды оңай шешу үшін» пара беруге келісіп жатады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Себебі бүгінгі кішкентай ғана заң бұзушылық ертең үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Әр адам заңды құрметтеп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, әділ әрі таза қоғам құруға мүмкіндік бар. Сондықтан менің ұстанымым – параға жол жоқ, адалдыққа жол бар.
Данияр Төлепбергенұлы
«Желі» дивизионы бірлестігінің жергілікті жерлерге техникалық қызмет көрсету орталығының басшысы



