var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Жауапсыздықтың салдары

Республикалық трассаның бойындағы тақтайдай тегіс тасжолдың үстімен жүйткіп келе жатқан «ВАЗ-21703» маркалы Лада Приора қатты жылдамдықпен келіп өзімен бір бағыттағы «ВАЗ-211440» автокөлігіне барып соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық, соңғысы сол екпінмен барып қарсы алдындағы «Аудиды» тұмсығымен түйіп жіберді.

Приора жүргізушісінің арақашықтықты сақтамай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағаламауынан болған жол оқиғасының салдарынан, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Есесіне екі бірдей темір тұлпар зақымданып, әсіресе «четырнадцатый» көлігі жүруге жарамсыз болып қалды. Осының өзі кінәлі азаматқа үлкен жауапкершілік жүктеді.

Жол оқиғасына себеп болған азаматтың кінәсі сот арқылы дәлелденді. Ол әкімшілік жазаға тартылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Аудандық соттың қаулысымен алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылды. Кінәлі азамат өз жауапсыздығының салдарынан жарты жыл жүргізушілік куәлігінсіз жүретін болды. Жол оқиғасының кесірінен бүлініп, жүруге жарамай қалған бір отбасын асырап отырған «ВАЗ-21140»-тің қасында бұл ештеңе емес-ті. Өйткені соңғысын жөндеп шығару үшін қыруар қаржы керек еді. Сондықтан оның жүргізушісі қайта-қайта келіп, кінәлі жігіттен темір тұлпарын жасап беруді талап етті. Алайда соңғысында ондай қомақты ақша жоқ-ты.

Ақыры амалы таусылған «четырнадцатый»-дың жүргізушісі материалдық шығын өндіруді сұрап, Приораның иесін сотқа берді. Ол көлігіне келтірілген залалды анықтау үшін жылжитын мүлікті бағалаушыға тапсырыс берген-ді. Бағалаушы маман өз кезегінде автокөлікті іске қосу құнын 324515 мың теңгеге бағалады. Ал талапкер болса көліксіз жүрген бір айға тарта уақыт ішіндегі қосымша шығынды есептеп, жауапкерден барлығы 392 мың 515 теңге талап етті.

Міне, осы арада мәселеге кәсіпқой медиатор У.Қалашева мен кәсіпқой емес медиатор Ж.Байжанов араласты. Олар дауласушы екі жүргізушіні өзара татуластыруға қол жеткізді. Нәтижесінде Приора жүргізушісі келтірген материалдық шығынның 220 мың теңгесін төлейтін болып келісілді. Онда да жауапкер ақшаны әр айдың 15-іне дейін 55 мың теңгеден бөліп төлеп, төрт айдың ішінде өтеуге міндеттеме алды. Бұл ретте талапкер өзінің мүліктік зиян өндіру туралы арызынан бас тартатын болды.

Азаматтық процестік кодекстің 48-бабының 1-бөлігіне сәйкес медиация тәртібімен реттелген дау осылайша қос медиатордың арқасында сотқа жетпей аяқталды. Ал жол-көлік оқиғасынан материалдық шығын өндіру туралы азаматтық іске қатысты жасалған екі жақтың медиациялық келісімі аудандық соттың ұйғарымымен бекітілді.

Н.Атшыбаев, аудандық соттың бас маманы,

сот отырысының хатшысы,

Е.Бисекенұлы, өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner