Әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде
Қытай азаматы Қазақстанға $20.000 АҚШ көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты әкелмек болған, деп хабарлады шекараның баспасөз қызметі.
"Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекеті қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚХР-ның ҚР-на кіруі кезінде ҚХР азаматынан белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын, атап айтқанда 7 584 000 теңге анықталды", - делінген таратылған ақпаратта.
Қазіргі уақытта ҚХР азаматын ҚР ӘҚБт Кодексінің 551 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.