"Жарылғыш бар" деп жалған ақпар таратқан

Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Өткен жаз мезгілінің шілде айының ішінде белгісіз біреу аудандық полиция бөліміне телефон соғып, Құлсары қаласында орналасқан бір мектепке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерболат Досмағұлов аудандық әкімдікте өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім етті.

Сол күнгі суыт хабар құқық қорғау органы қызметкерлерін екі аяғынан тік тұрғызды. Бірақ кейін анықталғанындай, хабарлама жалған болып шықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» деп аталатын 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Аудандық полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталып, қамауға алынды. Сөйтсе ол орда бұзар отызға таяп қалған азамат екен. Алдын ала жүргізілген тергеу амалдарымен оның қылмысы толықтай дәлелденіп, аудандық сотқа жолданды. Қазіргі таңда қылмыскер жоғарыдағы баппен кінәлі деп танылып, сот үкімімен екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521