Дауласып келіп, татуласып кетті

Оқиға өткен қыркүйек айында орын алған екен.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары көліктің көптігінен бе, әлде жауапкершіліктің жоқтығынан ба, көшеден жол-көлік оқиғасын жиі кездестіресің. Біреулер тірнектеп жинап, енді өзгелер жұрттан қалмайын деп несиеге бірнеше миллион теңгенің темір тұлпарын сатып алып жатады. Онысын әлдекім келіп соғып, бүлдіріп кетсе, қалайша сотқа жүгінбесін?!

Таяуда бір азамат аудандық сотқа жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен темір тұлпарының материалдық шығынын даулай келді. Оқиға өткен қыркүйек айында орын алған екен. Сотқа талап арыз беруге ниеттенген жәбірленуші, ең алдымен, сол күні кезекшілікте отырған кәсіпқой емес медиатор Бақтыбай Нұржановқа жолығып көрді. Мәселенің мән-жайын зерделеген медиатор оқиғаға кінәлі жүргізушіні де шақыртып алып, сөйлесті. Біраз уақыт жүргізілген келіссөзден кейін екі жақ бір-бірімен бір ымыраға келді. Осылайша олар татуласып, медиациялық келісім жасалды. Келісімге сәйкес құқық бұзған жүргізуші оқиғаның салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеме алды. Ал жәбірленуші оған қарсы қоятын талабынан бас тартты. Сөйтіп, олар сотқа дейін дауды шешіп, татуласып қайтты.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521