Бостандықтың қадірін...

Оларға жазаны өтеудің шарттары мен тәртібі қайта түсіндіріліп, алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Пробация қызметінде есепте тұрған сотталған жандардың қайтадан қылмысқа бармауын қадағалау, оның алдын алу мақсатында наурыздың 9-ы мен 18-і аралығында ауданда «Пробация» атты республикалық жедел профилактикалық іс - шара болып өтті. Бұл жөнінде аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, Әділет аға лейтенанты Г.Қарасаева хабарлады.

Онда жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен арнайы мобильді топ құрылды. Олар пробация қызметінің есебінде жазасын аяқтай өтеп жүрген жандарды және әкімшілік деректер базасы мен полиция органының өзге де тіркеуінде тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Тұрғындар көп жиналатын кафе-бар, мейрамхана, өзге де ойын-сауық орындарын аралап, тәртіп бұзып, қылмыс жасауға бейім жастардың мінез-құлқы бақылауға алынды. Оларға жазаны өтеудің шарттары мен тәртібі қайта түсіндіріліп, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ел Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысын іске асыру мақсатында есептегі сотталған жандардың тұрмыстық жағдайы да тексеріліп, қажетті ақыл-кеңес беріліп, көмек көрсету шаралары қолға алынған.

- Өкінішке орай, жастықпен бір рет жаза басса да, бостандықтың қадірін жете түсінбей жүрген жастар бар. Айталық, шара барысында жаза өткеру тәртібі мен әкімшілік құқықты бұзған сотталушылар анықталды. Соған сәйкес аудандық сотқа бас бостандығы шектелген азаматты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы және шартты соттылықтың күшін жою жөнінде материалдар жолдадық. Сонымен бірге қауіпті топ қатарына жататын, яғни қылмысқа бейім жандардың да бар екендігі белгілі болды. Оларға пробация қызметі бақылауды бұрынғыдан да күшейте түспек,-дейді аға инспектор Г.Қарасаева.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521