1 млн 287 мың 846 теңге

Бұл іс-шара барысында өндірілген айыппұл сомасы

Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, полиция капитаны Бүркіт Жайымовтың хабарлауынша, ақпан айының 8-і мен 16-сы аралығында аудан аумағында «Борышкер» атты алдын алу іс-шарасы өткізілген. Құзырлы органдармен бірлесіп ұйымдастырылған шараның мақсаты айыппұл арқаласа да айылын жимай, оны төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтап, өндіру болатын-ды.

-Іс-шара кезінде өндірілмеген айыппұлы бар 35 автокөлік ақылы автотұраққа қойылды. Олардың 4-еуі армениялық, 2-еуі қырғызстандық және 29-ы Ресей Федерациясының нөмірімен жүрген көліктер. «Автоураган» арнайы техникалық құрылғысын қолданудың нәтижесінде көптеген жұмыстар жүзеге асты. Жалпы жедел шара барысында 62 азаматтан 1 млн 287 мың 846 теңге айыппұл өндірілді,-дейді Б.Жайымов.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521