Жылыойлық палуандар іріктеуден өтті

Жақында Атырау қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында «Жас барыс» облыстық іріктеуі өтті.

Онда жылыойлық палуандар айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Іріктеу кезінде жасөспірімдер арасында Керей Жандарбек 50 кг салмақта 2-орынды иеленді. Ал 60 кг салмақта белдескен Мағзом Нұрлан 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар 65 кг салмақта бақ сынаған Табылды Қайсар да 1-орынды иеленді. Жастар арасында 78 кг салмақта белдескен Арман Орынбаев 1-орын, 72 кг салмақта белдескен Әлішер Нұрқожа 2-орынды еншіледі.

Аталған палуандар қараша айынын 1-і мен 4-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық «Жас барыс» турниріне күресуге жолдама алды. Палуандарды жарысқа дайындап жүрген жаттықтырушысы - Мейрам Лайбаев.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521