Жерлесімізге арналған турнир

Баскетболдан облыстық ашық турнир аудан спортшысын еске алуға арналды

Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен баскетболдан 2002-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирі өтті. Бұл жарыс ауданның баскетбол құрама командасының ойыншысы, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы болған жерлесіміз Купеков Руслан Ермекбайұлын еске алуға арналған болатын. Турнирге Атырау облысы аудандарынан жас спортшылар қатысты.

rusbasket

Ашылу салтанатына марқұмның анасы, жолдасы, ұлы Демеу және досы қатысты. Қазақстан Республикасының гимні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушы Абзал Бекеновке берілді. Ол барлық командаларға сәттілік тіледі. Русланның анасы Жаңылсын жас спортшыларға ризашылығын білдірді.

rusbasket1

Ойын тартысты өтіп, турнирде І орынды ауданымыздағы «Ақжол» командасы жеңіп алды. ІІ орынды №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленсе, ІІІ орынды Құрманғазы ауданынан келген команда еншіледі. Жеңімпаз және жүлдегер командалар ұйымдастырушылар атынан кубоктар, медаль және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521