ads_banner

Жекпе-жекте дес бермеді

Денсаулықтары нығайып, дене сымбаттары мүсінделе түседі. Бұға қоса спорттық жетістіктерге жетіп, рухын шыңдаса, тіпті ғанибет қой!

№4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бір топ балалары жаттықтырушылары Талғат Жұмағалиевтің жетекшілігімен тұрақты түрде жекпе-жек спортында шеберліктерін шыңдап жүр. Жұмсалған уақыт пен төгілген тер текке кетіп жатқан жоқ. Жас спортшылардың әртүрлі жарыстарда жақсы жетістіктер көрсетіп жүргені қуантады.

Осы мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Гүлфара Исахаеваның айтуынша, өткен айдың аяғында Алматы қаласында жекпе-жек сайысынан балалар мен жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігі өткен болатын. Міне, осы сайыста аталған спорт мектебінің балалары Қазақстан біріншілігін ұтып алып, Әлем біріншілігіне қатысты. Айтулы додада 14-15 жас аралығындағы спортшылар ішінен 36 кг салмақ дәрежесіндегі Мейрамбек Айғалиев 3-орын, 39 кг салмақ дәрежесіндегі Ерген Жолдыбаев 2-орын алды.

С.ӘЛИ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner