Стритболшылар бізде де бар

Стритбол немесе көше волейболы 90-жылдардың басында Америкадан келген спорт түрі.

Соңғы жылдарда стритбол біздің елде де қарқынды дамып келеді. Бұл ойыннан былтыр аудандық командалар облыс бойынша алдыңғы лектен көрініп жүр. Әсіресе жаңақаратондық спортшылар стритболды дамытуда белсенділік танытып келеді. Міне, жақында Жаңа Қаратон кентінде Жастар жылы аясында стритболдан ашық турнир ұйымдастырылды. Мақсат белгілі, аудан жастарының бос уақыттарын тиімді өткізіп, демалыс күндерін салауатты өткізуіне ықпал ету.

-Ашық турнирге ұлдардан 9 команда, қыздардан 5 команда қатысты. Ұлдар арасынан топ жарғандар «Ф-4-ка», «Dream Team», сарықамыстық «Ниет» командалары болды. Алдыңғылары жүлделі І орынды тартысты ойында жеңіп алса, кейінгілері ІІ және ІІІ орындарды бөлісті. Қыздар командалары арасынан «Shazam», «Flesh» және «Ақжүніс» топтары қарсыластарының ішінен суырылып алға шықты. «Shazam» І орынды, «Flesh» ІІ орынды иеленсе, ең жас ойыншылар қатысқан «Ақжүніс» командасы ІІІ орынның иегері атанды. Ойын соңында 1 минутта айып добын лақтыру және 3 ұпайлық доп лақтырудан үздік атанған ұлдар Фархат Рафхатов, айып доптан үздік Марсель Рафхатовтар болды. Қыздар арасында аталған сайыстың екі түрінен де үздік атанған Айзада Қазмағанбетова болды. Жеңімпаздар кубок, диплом, медаль және үздіктер арнайы сыймен марапатталды, - дейді №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры орынбасары Гүлфара Исахаева.

Гүлфара Жолдасқызы, сондай-ақ, осы спорт түріне деген жастардың қызығушылығын арттыруда, бар ынтасымен баулуда жаңақаратондық спорт мектебінің жаттықтырушы Ақылжан Тілеуқұлов және осы мекеменің ұжымының еңбегі елеулі екенін айта кеткенді жөн көрді.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521