Шоқпартоғайлық арулар волейболдан сайысты

Ауылдағы №3 Жылыой аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан біріншілік өтті.

Шоқпартоғай ауылында арулардың мерекесі қарсаңында тек қана қыздардың арасында қызықты жарыс, қызу дода ұйымдастырылды. Ауылдағы №3 Жылыой аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан өткен ауылдық біріншілік кезінде алаңға әкім аппараты, орта мектеп, ауыл кәсіпкерлері, спортшылар, «Балдәурен» балабақшасы – барлығы бес команда шығып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайдың тасындай іріктелген командалардың арасынан жеңімпаздар да суырылып алға шықты. Ойын нәтижесінде үшінші орынды әкім аппараты иеленсе, екінші орынның иегері «Балдәурен» балабақша командасы болды. Ал біріншіліктің бірінші орын жүлдесін ауыл кәсіпкерлері жеңіп алды. Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Гүлбарам Бисенбіқызы,

оқу ісі меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521