Әлем мойындаған спортшылар Жылыойдан шығады

Әдетте әлем мойындаған мықты спортшылар шағын ауылдардан, аудандардан шығып жатады.

Сингапурда өткен кәсіпқой спортшылар арасында аралас жекпе-жек түрінен Әлем чемпионы атанған Талғат Жұмағалиев өзінің туған жеріне толымды тарту жасады. Ол «Жылыой жауынгерлік клубы» командасының спортшыларымен бірлесе отырып, ауданның спортсүйер жастарына арнап жаттығу залын ашты. Спорт залдың ашылуына аудан әкімі Азамат Бекет арнайы келді. Бұл жолы ол нысанның салтанатты рәсіміне аудан басшысы емес, қазақ спортының дамуына атсалысып жүрген азаматтардың бірі болып, қонақ ретінде қатысты. Ал жаттығу залының лентасын облыс мақтанышы, джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанған Тыныс Бисалиев қиды. Бұл жаттығу залында жасөспірім балалар бокс және ережесіз жекпе-жектің түр-түрінен сабақ ала алады.

Мұнда тек жастардың ғана емес, үлкендердің де спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар. Әдетте әлем мойындаған мықты спортшылар шағын ауылдардан, аудандардан шығып жатады. Спортзалды ашудағы басты мақсат жастарға қолдау көрсету, Жылыой өңірінің спорт саласының деңгейін жоғарылату болып табылады.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521