Жәрдемдесіп жіберер ауылдастар бар

Аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкімшілігінде жиналыс өткізілді

Шоқпартоғай ауылында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жақында аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкімшілігінде жиналыс өткізіліп, оған атаулы әлеуметтік көмек алушы 35 адам қатысты.

Әкім аппараты бас маманы Серік Сеңгірбай «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығын түсіндіріп, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөрісі төмен, көпбалалы аналарға жаңаша тәсілмен көмек берілетіні туралы айтты. Ауыл тұрғындары атынан Ж.Ыбырашев сөйлеп, көпбалалы аналарға жалпы көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы өз пікірімен бөлісті.

С.ӘЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521