Сотқа жүктелген міндет көп

Жолдауға қолдау көрсетіп, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей атсалысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің соттары мен құқық қорғау органына аз міндет жүктемегені белгілі. Оның сот жүйесіне қатысты басым бағыттарын ақпараттық-түсіндіру мақсатында аудандық соттың төрағасы мен судьялары құқық қорғау органы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Жолдаудың жалпы заң мен құқық қорғау органына жүктеліп отырған айқын міндеттері талқыланды.

Сот төрағасы Б.Жұмабаев азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталды. Ондағы әкімшілік әділет құрылымын енгізу, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, құқық қорғау жүйесін толық реформалау мақсатында қолға алынып жатқан оңды өзгерістерге тоқталды.

Кездесуді қорытындылаған аудандық соттың төрағасы мен судьялары мемлекеттің дамуы мен азаматтарды құқықтық тұрғыдан қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте Жолдауға қолдау көрсетіп, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей атсалысуға шақырды.

Е.Бисекенұлы

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521