Педофильдер, тұрмыстық зорлық-зомбылық...

ауыр қылмыс жасағанға аяушылық жоқ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында еліміздегі азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуына баса назар аударып отыр. Бұл ретте сот пен құқық қорғау органы саласын күрделі реформалар күтіп тұр. Әсіресе сот шешімдерінің сапасын арттыру бағытында маңызды шаралар қолға алынбақ.

Президент айтқандай, расында да, сот шешіміне қатысты наразылық туындап,азаматтар шағымданған кезде билік пен қарапайым халықтың күші тең түсе бермейді. Сондықтан бұл айырмашылықты жою мақсатында Мемлекет басшысы заңдылық талаптарын қатаң сақтайтын әкімшілік юстиция жүйесін енгізуді тапсырды.

Әрине, елімізде әлемдік өркениетке сай заң талаптары біраз жұмсартылып, гуманизацияға ұшырады. Бірақ онымен қоғамда ауыр және аса ауыр қылмыстар азайған жоқ. Бұл азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға кері әсер етуде. Осыған байланысты Елбасы әйел зорлауға қатысты, педофильдер мен есірткі тасымалдауға, адам саудасына, тұрмыстық саладағы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық пен басқа да жеке адамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ауыр қылмысқа қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. Бұл ретте құқық қорғау саласында реформалар қолға алынып, алдағы үш жыл ішінде 173 млрд. теңге қаражат бөлінеді деп күтілуде.

Ж.Кенжебаева,

аудандық Билер кеңесінің төрайымы,

отставкадағы судья

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521