Ең алдымен, мұғалімге жағдай жасау қажет

Жолдауда «Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге» жұмсалу керектігін баса айтты.

Жолдауда «Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге» жұмсалу керектігін баса айтты. Соның ішінде Президент, ең бірінші, білім беру сапасын жақсартуға баса көңіл бөлді.

Еліміздің болашағы жас ұрпаққа жыл сайын беріліп жатқан сапалы білімге тікелей байланысты. Сондықтан Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге дейін көтеруді тапсырған Мемлекет басшысы ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салып отырғаны қуантады. Шындығында, сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі көп ретте мұғалімдердің әл-ауқатына тәуелді. Сондықтан олардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеру де - өзекті мәселе.

Мұнымен қоса қабат педагог кадрлардың тапшылығы мәселесі де тұр. Бұл - әсіресе біздің ауданға тән құбылыс.  Президент: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын»,- деді.

Зоя Жұбаниязова,

ардагер-ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521