ads_banner

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторлар

Биыл екі табиғат қорғаушы инспектор браконьерлер қолынан оққа ұшып, қаза тапты. Бұл екі оқиға халықты ашындырып, ашу-ызасын туғызды. Табиғат–ананы көздің қарашығындай қорғап жүрген екі инспектордың мерт болуы браконьерлердің тайраңдап кеткендігін, оларға қарсы тұратын заңның да солқылдақтығын көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жүрегіне дақ салған осы оқиғаны Жолдауда ашық айтты.

«Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды. Бұл – тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр.

Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын» деді Президент . Осы айтылғандарды Жолдаудан оқып толқып, тебірендім. Шынында да, шұғыл түрде мұндай бетімен кеткен тәртіпсіздікті түп тамырымен жою керек. Президент Жолдауында бұдан да басқа халықты мазалаған сауалдар қамтылған. Оқып, риза болдым.

С.Қайырғалиев,

егін шаруашылығымен айналысушы жеке кәсіпкер

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner