Жайбарақаттығымыз таяқ болып тимесе екен

Әлемді дүр сілкіндірген бұл індеттің атын да атағың келмейді.

Жайбарақат тірлік кешіп жатқан бұқара төтенше жағдайды бірден түсініп, қабылдай қоймады. Батыс өңірінде ежелден келе жатқан көрісу дәстүрі өз ретімен жалғасын тауып жатты.

Қауіпті дерттің алдын алу үшін барлық шаралар қолға алынғанымен,  алыс-жақын шетелден келгендер ақыры бұл індетті жұқтырып үлгеріпті. Жасырын кезеңде айналасымен, жақын-жуығымен араласқандықтан, біраз адам карантинге жатқызылды.

Аз уақыт ішінде ел тынысы күрт өзгерді: алдымен мектеп оқушыларын күніне бұрын каникулға шығарып, студенттер онлайн оқуға көшірілді; абдыраған жұрт дәріханаға ағылды, қас қылғандай ондағы бетперделердің саны жеткіліксіз болып шықты; барлық демалыс-сауда орындары, кинотеатр, музей, кітапханалар жабылды, базарлардың уақыты шектелді. Бұл да өз кезегінде "ажиотаж" туғызып, сауда орындары белгілі бір тағам түрлеріне шектеу де қоюға мәжбүр болды.

Кейбіреулер халықтың осы күйін пайдаланып, қалталарын қалыңдатып алып жатқанын көргенде қынжыласың. Есесіне жомарт жандар да қарап қалмады, кәсіпкерлер мен еріктілер бірігіп бетпердені (маска) де тігіп, мұқтаж жандарға азық-түлік, гигиена құраларын да тегін таратып жатыр.

Қарап отырсам, қиын-қыстау кезеңде ұлттың ұлылығы, бірлігі сыналар шақ секілді.

Дегенмен бүгін Атырау облысынан 3 адамнан коронавирус табылды. Ендігі әрекетіміз қандай болмақ?

Әлеуметтік желіде үйде отыруға шақырған билік өкілдерінің, дәрігерлердің, шетелдегі болып жатқан пандемияны көзімен көрген қандастарымыздың сөзіне құлақ асуға, мүмкіндік болса үйде отыруға шақырамын.

Ж.Әбдікәрімова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521