Теңіз кенішіндегі өзгеше диалог

ССЕР компаниясы - Теңіз кенішіндегі ТШО Компаниясының 3 буын зауыты құрылысын салушылардың бірі.

ССЕР компаниясының атқарушы директоры О.Бисембиевтің хабарлауынша, ұжымда жұмыстан тыс уақытта әртүрлі мәдени және спорттық шаралар өткізіліп жатады. Соның бірі дәл қазір Кипр Республикасының азаматы, компаниядағы ауыр техникалар бойынша менеджері Андреанс Талианос өз елінің географиялық орналасуы, климаты, табиғаты, жануарлары, салт-дәстүрі, ел мақтаныштары, ұлттық тағамдары жөнінде таныстырды. Презентация тартымды өтіп, қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп тастады. Игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

ccep281

Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні ССЕР компаниясының басшылары Теңіз кенішінің Келешек кеңею жобасында жұмыс жасап жатқан бригадирлермен ҚР бойынша 1 қаңтардан бастап күшіне енген МӘМС (Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру) туралы заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ccep283

Бұл кездесудің мақсаты - жаңадан шыққан Заңды түсіндіру, әртүрлі қауесет әңгімелердің алдын алу, жұмысшылар арасында түсінбеушілікті тудырмау. Заңда қандай өзгерістер болды және ол жұмысшылардың жалақыларына қалай әсер ететіні жөнінде нақты жауаптар берілді.

ccep282

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Дайындалған слайдтар көрсетілді. Барлық ақпараттар интернет және әлеуметтік желілерде кеңінен таратылған. Сонымен қатар, 1406 ақпараттандыру орталығы бар екені айтылды. Бұл нөмірге кез келген адам қоңырау шалып, сұрақтарын қоя алады. Кездесу еркін, достық қарым-қатынаста өтті.

Жиын соңында басшылық жұмысшыларға сәттілік, қауіпсіздік техникасын бұзбауды және аман-есен үйлеріне оралуды тіледі.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521