Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Сайысқа 8 «е» сыныбының оқушылары қатысты.

№1 жалпы орта білім беретін мектепте қазақтың бір туар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби шара өтті. Сайысқа 8 «е» сыныбының оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.

Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын жастар санасына сіңіру арқылы Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Ең әуелі, ақынның өмірбаянынан көрермендерге қысқаша мәлімет беріліп, өлеңдері оқылды. Оқушылардың орындауындағы ақынның сөзіне жазылған «Ана, сен бақыттысың» әні көрермендерге ерекше әсер етті.

Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін байқау үшін «Әдеби джем» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Шараның басы-қасында болған физика пәнінің мұғалімі Айгүл Нармағанбетова сөз алып, ой түйіндеді. Ол: «Ақын тірі кезінде айналасынан жылылық көре алмай, көп қиындық көріп, тұрмыс ауыртпашылығымен күресті.

Соған қарамастан жалындаған жырларымен әзиз ата, ақ шашты аналардың жүрегін нұрландырып, ғашықтардың жүрегін асау толқындай соқтырып, өз дәуірінің перзенттерінің мәртебесін биіктетті. Бөбектердің бесігін құдіретті өлеңімен тербелте бастап өмірімен қоштасты. Бірақ ол өлеңмен, қасиетті өнермен қоштасқан жоқ. Артына саф таза ақындығын, мөп-мөлдір мұрасын қалдырып кетті. Жастар, сіздер де аманатқа қиянат жасамай, әрдайым ғасыр ақынының өлеңдерін ұғынып, есте сақтап жүріңдер», - деді.

З.Нұрқасанова,

№1 мектептің кітапхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521