Ұлтымыздың мәдени капиталы

Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды.

Ондағы мақсат Мемлекет басшысы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбаевтың мерейтойын есті өткізумен қатар, көпшіліктің оның мұраларынан мол нәр алып, ой алып, ұлы ақынның арманына қарай - білім мен ғылымға ұмтылу, мәдениет пен тарихты тануға талпыну, өнерпаздық пен еңбекқорлықты ең мықты қасиетіміз ету, сол арқылы мемлекетіміздің дамыған елдермен терезесі тең болуына үлес қосу. Одан соң Абайдай данамызды, Абайдай дарамызды тану арқылы қазақ елін әлемге таныту. Иә, Абайдың көптеген шығармалары сан ұлттың тіліне аударылды, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы көп елдер қазақты таныды. Бірақ Президентіміз айтқандай, «Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт "Қазақ халқы – Абайдың халқы" деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық».

«Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен ба­ғалай­тынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныс­тыру қажет», - деді бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.

К.Оңайбаева,

мұғалім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521