Батыр ескерткішін сомдаған - жылыойлықтар

Мүсінші Серік Мәтениязовтың осы ескерткішті жасап жатқаны жөнінде хабардар едік.

Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып күрескен ержүрек баба Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды. Биік тұғыр үстіндегі батыр көкке шаншылған ақ найзасын қолына мығым ұстаған күйі ақтабан атымен қарғып барады.

Сірә, әскерін бастап, серігі Махамбет батыр қостап ұрысқа шыққан... Ескерткіш нақ осылайша қиялымызды шарлатып әкетердей асқақ әрі өр кейіпте, аса сәтті сомдалған. Осы қалпында талай ғасыр мен дәуірді қарсы алады.

isatay1

Бұл туындының авторы мүсінші Серік Мәтениязов болса, жобалаушы Айнұр Хасанова, архитекторы Құдайберген Ізтілеуов - бәрі де жылыойлық азаматтар. Мүсінші Серік Мәтениязовтың осы ескерткішті жасап жатқаны жөнінде хабардар едік. Енді, міне, ескерткіш салтанатты түрде ашылып, Аққыстау ауылының көшесіне айбар беріп тұр.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521