Ақынды еске алу кеші

“Аружан” мейрамханасында ақын, қаламгер, журналист Қуаныш Ержановты еске алуға арналған шығармашылық кеш өтіп, рухына ас берілді.

“Ұлымын мұнайшының” тақырыбымен өткен бұл кешті ақын Бүркіт Базарбаев жүргізді. Өмірден жас, 35-тен 36-ға қараған шағында өткен ақын Қ.Ержановтың бергенінен берері көп еді. Амал не, арсыз ажал оны өмірден ертерек алып кетіп, талайларды өкіндіріп, өзегіне өрт салды. Ақынды еске алу кешінде қарындасы Күләш Досымбаева, ақын-жазушылар Айтуар Өтегенов, Қонаш Қалдыоразұлы, Атырау облыстық “Шежіре” клубының жетекшісі Әбілхан Төлеуішов, ағасы Байғали Досымбаев сөз сөйлеп, Қуаныш жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақтаудан, Атыраудан, Сағыздан және басқа елді мекендерден ағайындары, достары, жолдастары, сыныптастары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Мектеп оқушылары мен немересі Ақниет Қуаныштың өлеңдерін оқыды. Кеште бұдан өзге Қуаныш Ержановтың сөзіне жазылған Аманкелді Орақовтың “Сауыншы қыздар» әні орындалы. Сондай-ақ қарындасы Күләштің құрастыруымен шыққан Қ.Ержановтың “Сезім сырлары” кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға таратылды.

Ас беру кешінде аудан имамы Арман Исаев Қуаныштың рухына Құран оқыды. Сөйтіп, өмірден ерте кеткен ақын осылай еске алынып, кітабы арқылы ұзақ жылдардан кейін ақынның екінші өмірі басталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521