Алматылық дінтанушы ауданымызда

Ол «Мешіт - имандылық ұясы» тақырыбында келелі насихат жүргізді.

Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жұма күні ауданға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Алматы қаласындағы Алатау ауданының бас имамы Мәди Ахметов келді.

Мақсаты: өңірімізде дәстүрлі исламды насихаттау, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру. Құлсары қаласындағы орталық мешітте жамағатпен жүздескен ол «Мешіт - имандылық ұясы» тақырыбында келелі насихат жүргізді.

-Күмбезі алыстан көз тартатын мешіттер қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі. Олай болса, ме­шіт­тер мұсылмандардың әдепті болуы үшін еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болып табылатынын ескере жүргеніміз абзал,- деді.

«Сондықтан Алланың бізге нәсіп еткен тыныштығын сақтап, бөліну мен алауыздықтан сақтанайық!» - деп сөз соңында жылыойлықтарды бірлікке шақырды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521