ads_banner

Ақкиізтоғай жастарына ағалардан ақыл

Ақсақалдардың ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену де қоғамдық маңызы зор істердің бірі болып саналады. Жақында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Исайнова мен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаровтар Ақкиізтоғай ауылының жастарымен кездесті.

akkyizjastary1

«Қызым келіннен, ұлым елінен ғибрат алып өседі» деп аталған шараға сондай-ақ аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Сержан Серікбаев қатысты. Көздерінен жалын ұшқындаған жас ұрпақ өкілдері аталары мен әжелерінің әңгімелерін зор қызығушылықпен тыңдады.

akkyizjastary2

Қыз, ұл тәрбиесі жөнінде үлкендердің ұлағатты ақылын естіп, рухани кездесуден сусындап қайтты. Қызметіне күні кеше кіріскен Жастар ресурстық орталығының жаңа басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиналған жас толқынның қандай ой-пікірі, идеялары бар екенін сұрап, оларды қоғамдық шараларға белсене араласуға шақырды.

П.ҚИЗАТОВА

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner