Жас кәсіпкер сұлулық салонын ашты

Жадыра Сәлкенова «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, 500 мың теңге көлемінде грант ұтып алған.

Қазір ол «Даяна» сұлулық салонын ашты. Жадыра алдына нақты мақсат қойып, бастағалы отырған кәсібіне жауапкершілікпен қарай білген. Өзі ғимараттың ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарын қойған. Содан соң аз уақыттың ішінде мамандар да келе бастады дейді.

Қазір сұлулық салонында шаш әрлеуші, визажист және басқа да кәсіби шеберлер қызмет түрлерін көрсетеді. «Алға қойған жоспарларым да көп», - дейді жас кәсіпкер.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521