«Сенім» психологиялық кабинеті

Құлсары қаласында «Сенім» психологиялық кабинеті ашылды.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша көпбалалы ретінде курсқа қатыстым. Бір ай оқып, тестіден өтіп, «Психологиялық кабинет» ашу бизнес планымды қорғап, нәтижесінде 505 мың теңге грантты ұтып алдым», - деді психолог Набат Жақсылықова.

Оның айтуынша, қазір адамдарда керектінің бәрі бар. Тек «жан рахаты» жетіспейді. Мен ол үшін не істеуім керек? Адамға көмектесуді ойлауымыз керек. Осындай сұрақты өзіме қою арқылы көптеген клиенттермен жұмысым нәтижелі болып, 15 жылдық психология саласындағы еңбек тәжірибем жинақтала келе осы кабинет ашылды.

nabatsenym1

Онда мына қызметтер көрсетіледі:

-Жеке психологиялық кеңес;

-Жас мамандар мен жас психологтарға кеңес;

-Қорқыныш пен стрестен арылу;

-Бала тәрбиесі;

-ҰБТ-ға психологиялық дайындау;

-Жас отбасыларға кеңес;

-Медитация;

-Аффирмация;

-Әйел энергиясы;

-Сыртқы келбет;

-Осанка;

-Өзіңді бағалау;

-Нәзіктік;

-Үйлесім дөңгелегі;

-Армандар картасы, т.б. көптеген тақырыптар қамтылады.

Сізге қосымша тапсырмалар беріліп отырады. Осылайша есігін айқара ашқан психология кабинетіне сұрақтарыңыз болса, баруға болады.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521