Ас - адамның арқауы

Қазіргі таңда азық-түлік тағамдарының сапасына жоғары талаптар қойылады.

Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа үлкен мән беріледі.Шыққан өнімге жан-жақты талдау жасап және технологияға сәйкес қадағалау керек. Өндірісте шығарылған өнімнің жарамдылығын ветеринарлық сараптама орнықтырады.

Мал шаруашылығында қолданылатын емдік препараттардың ішінде сүт, ет, жұмыртқа және т.б. өнімдерді ластайтын аса қауіпті ластағыштар қатарына антибиотик, гормоналды препараттар, микотоксиндер және т.б. жатады. Ет және ет өнімдері адам дамуында маңызды роль атқарады. Олар ағзадағы майысқыштық және қуат көзі болып қызмет атқарады және әртүрлі дәрумендерімен, ақуыз, май, көміртегі фосфатидтермен, жартылай қанықпаған май қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар май құрамында майда еритін витаминдер, фосфатидтер және ақуыздар, суда еритін дәрумендер бар.

Тaғам ластануындағы ең қауіптісі бактериалды ластану болып табылады. Тағaм өнімдерін дайындайтын фермерлер, өндірушілер, сатушылар, сонымен қатар қоғамдық тамақтану қызметшілері, аспаздар, даяшылар тағамның қауіпсіздігіне жауапты болады. Тағам ластануының алдын алу үшін оның әзірленуіне жауапты адамдардың қолдары таза болуы тиіс, сонымен бірге жемістер мен көкөністердің тағаммен жанасатын беткі қабаттарын тазалау қажет.

Олар сонымен бірге қолдануға дайын өнімдерді шикі өнімдерден алшақ ұстауға міндетті. Тағамды әзірлеу алдында қолды жақсылап жуу керек, әсіресе шикі ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін қолданарда. Сонымен қатар тағамды әзірлеп болғаннан кейін де қолды жуу маңызды. Тағам өнімдерінің бактериялармен ластануынан сақтану үшін оларды жақсылап жуу қажет. Берілген өнімдердің қолдануға дайын екендігін білу үшін таңбалануын оқу қажет.

Көбінесе өнімдер арнайы орамдарда қолдануға дайын күйінде сатылады. Мұндайда оларды жуудың қажеті жоқ, бірақ сақтау мерзіміне дейін ғана қолданылғаны жөн. Сондықтан ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдерін өндіру, сатып алу кезінде, тамақ өнімдерінің өткізу сатысындағы сапасы мен қауіпсіздігіне аса мән беру қажет.

Нұржамал КҮЛЕКЕНОВА, Жанар ТӨЛЕУШОВА,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау,

санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер

талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші мамандары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521