Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

Еркебұлан Асланның «Смарт қыран» жобасы үздік деп танылып, І орынға ие болды.

Білім басқармасының қолдауымен Атырау қаласында Б.Нысанбаев атындағы мектепте «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар облыстық байқауы өтті.

Оған Жылыой аудандық жас техниктер станциясы да қатысты. Байқау 9 аталым бойынша өтті. Солардың ішінен «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша Шәденбай Ұзақбайдың «Эко қайық» жобасы және «Құрылыс саласындағы жобалар» аталымы бойынша Еркебұлан Асланның «Смарт қыран» жобасы үздік деп танылып, І орынға ие болды.

Жанатбек Орынбасаров пен Ернұр Нұрболдың жұмыстары да жүлдеге ие болып, барлық жеңімпаздар Талдықорған қаласына республикалық байқауға жолдама алды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521