ads_banner

Бабамның тілі – ұрпағыма аманат

«Зейнеп Әмина және балапандар» бөбекжайында «Бабамның тілі – ұрпағыма аманат» атты сайыс өтті. Оған ата-аналар қатысты. Сайысты әдіскер Асылай Талапкер, тәрбиеші Жанаргүл Ерғалиевалар ұйымдастырып, жүргізді. Қатысушылар таныстыру, мәнерлеп оқу, шешендік өнер, мақал мәтел айту сынды кезеңдерден өтті. Кішкентай бөбекжай тәрбиеленушілері "Аққу" биімен сайыстың көркін аша түсті.

zeynepamina

Нәтижесінде бас жүлдені Үзіл Қоқымбаева жеңіп алды. Жанна Есіркепова 1-орын, ал Диляра Нұржанова 2-орынды иеленсе, Нұргүл Мұстафаева мен Зәмзәгүл Махатовалар 3-орынды еншіледі.

Белсенділік танытып, шараға қатысқан ата-аналарға бөбекжай меңгерушісі Айнұр Назарбаева ризашылығын білдірді. Жеңімпаздар арнайы дайындалған дипломдармен марапатталды.

Қ.Нұртайұлы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner