«Аяулы жеңге, ару қыз»

Ситуациялық сұрақтар, қолөнер бөлім, шаш өру сайыстарында белсенділік танытты.

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Әйгерім» қыздар клубының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрді насихаттау, адамгершілік асыл қасиеттерді қастерлеуге, отбасы тәрбиесін нығайту мақсатында 8-10-сынып қыз балалары арасында «Аяулы жеңге, ару қыз» атты байқау болып өтті. Байқауға 7 қатысушы жеңгесімен қатысты.

Алғашқы кезең таныстыруда әр қатысушы өздерін таныстырды. Екінші кезең «Өнерлі өрге жүзер» деп аталды. Бұл сайыста қайынсіңілісі мен жеңгелерінің бірі ән шырқаса, бірі күмбірлете күй шертті. Ситуациялық сұрақтар, қолөнер бөлім, шаш өру сайыстарында белсенділік танытты.

Сайыс соңында белсенділігімен топ жарып шыққан 10 «а» сынып оқушысы Серікова Жаннұр мен жеңгесі Сайынова Жазгүл жеңіп шықты. Сайысты ұйымдастырушы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Табылғанова қорытынды сөз сөйлеп, ой түйіндеді.

Ж.Наурыз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521