Аристотельден кейінгі екінші ұстаз

Кеш слайд арқылы өткізіліп, оқырмандарға викториналық сұрақтар қойылды.

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай аудандық балалар кітапханасының әдіскері Бөбек Садықова 9-11-сынып оқушыларының арасында «Әл-Фараби жұлдыздары» атты викториналық кеш өткізді.

Әлемде Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған, Шығыстың энциклопедист ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өз заманында жазып қалдырған мол мұрасы мен 164 трактатының мән-мағынасы туралы кеңінен таныстыра отырып, кітапхана қорындағы жазбаларын, ол туралы әдебиеттерді насихаттады.

Ғұламаның «Музыка туралы үлкен кітабы» исламдық ортағасырлық мәдениетте елеулі құбылыс болғанын, «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» т.б. көптеген кітаптары туралы айтып өтті.

Кеш слайд арқылы өткізіліп, оқырмандарға викториналық сұрақтар қойылды. «Ұстаздарың ұлысы – Әл-Фараби» атты кітап көрмесі жасақталды.

Ж.НАУРЫЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521