«Жастар Fest» мыңдаған жасқа мерекелік көңіл күй сыйлады

18-тамыз күні Орталық стадионда елімізге танымал әртістердің өнер көрсетуімен «Жастар Fest» жастар фестивалінің соңғы күні атап өтілді.

Биылғы жастар жылына орай қаламызда 27-шілдеден бастап Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жастар Fest» жастар фестивалі өткен болатын. Фестивальдің алғашқы күні жас ақындардың қатысуымен өткен «Ақын болсам айбарлы, жыр жазатын» ақындар мүшайрасымен ашылса, бұдан өзге де талантты жастар арасында апта сайын «Құлсары Street Art» граффити байқауы, «Қазақ күресінен 2002-2004 жылғы ауыл жастары арасынан турнир», «Ұлы дала ұлағаты» атты мәдени шарасы, «Би алаңы 2» секілді спорт және өнер сайыстары өткізіліп отырған еді. Байқауға қатысу үшін қаламызға өзге аймақтардан да қатысушылар жиналып, талай-талай қызықты да тартысты жарыстардың куәсі болғанбыз.

ag5bc_zwzie

Фестивальдің жабылу кеші аудан әкімі Азамат Бекеттің жастарға білдірген тілегімен басталып, әрі қарай аудан әртістерінің өнерімен жалғасты. Жастар үшін мерекелік кештің ең қызықты сәті елімізге танымал жұлдыздар Райм, Артур және ресейлік «Black Star» командасының әншісі Назиманың көрсеткен өнері болды. Аталған жұлдыздардың қатысуымен өткен гала концерт жастар үшін үлкен тосын сый болды десек қате айтпаған болар едік. Бұған дәлел, жастардың жұлдыздарға деген ыстық ықыласы. Концертке келген көрермендер, соның ішінде жас буын, ұйымдастырушыларға және осы фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне қолдауын білдірген аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.

jastarfest

 jastarfest2

jiqxbzgtyfa

Мереке соңында аспанға от шашулар шашылып, тамылжыған жаз түнінің естен кетпес көңілді бір кеші болды. Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің жастарына көптеген қолдаулар білдіріліп, білімді де табысты, зерек те өнерлі болуы үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Келешек ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де талантты болып өмір сүруі үшін жасалып өткен бұл шаралардың айтарлықтай мәні бар. Болашағынан үміт күттіріп, халық игілігі үшін қызмет атқаратын жастарымыз көп болғай...

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521