Түнгі жол апаты жас жігіттің өмірін қиды

Тамыз айының 15-інен 16-сына қараған түні Құлсары қаласының Махамбет даңғылының бойында қайғылы жол апаты болды.Аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы Мереке Дәрібаевтан білгеніміздей, оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында орын алған.

Тамыз айының 15-інен 16-сына қараған түні Құлсары қаласының Махамбет даңғылының бойында қайғылы жол апаты болды.

Аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы Мереке Дәрібаевтан білгеніміздей, оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Махамбет даңғылымен Орталық базар бағытына бет алып бара жатқан «Mercedes Benz E-320» маркалы шетелдік автокөлігі «ПНГС» ықшамауданы қиылысына келгенде тасжол бойына кесе-көлденең тасталған бордюрлерге келіп түйіскен. Соның кесірінен жүргізуші көліктің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіндегі талдар мен аялдамаға соқтығысып, асфальт шетіне тоқтаған. Алдын ала болжам бойынша көлік жүргізушісі орталық көшеде жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын қараңғыда байқамаған.

Ауыр дене жарақатын алған жүргізуші мен жолаушысы шұғыл түрде жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Бірақ дәрігерлер 24 жастағы жүргізуші жігіттің өмірін ажалдан арашалап алып қала алмады.

-Жол апатына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі арнайы сараптама қортындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болмақ,-дейді М.Дәрібаев.

Е.Есенов

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521