Құрсайда жүр ақ тырна

Күндегідей түскі асымды ішіп, Құрсай өзегінің жағалауымен жұмысқа келе жатқанмын. Өзек жағасындағы төсемтастардың үстімен ағараңдап бір нәрсе келе жатқандай көрінді. Жақындай келе байқасам: кәдімгі ақ тырна. Қалтамдағы смартфонымды шығарып алып, оны суретке түсіре бастадым.

Күндегідей түскі асымды ішіп, Құрсай өзегінің жағалауымен жұмысқа келе жатқанмын. Өзек жағасындағы төсемтастардың үстімен ағараңдап бір нәрсе келе жатқандай көрінді. Жақындай келе байқасам: кәдімгі ақ тырна. Қалтамдағы смартфонымды шығарып алып, оны суретке түсіре бастадым.

Жақсылап түсіру үшін аңдап басып, жақындай түстім. Жақындаған сайын «Ұшып кетпесе екен» деп қоямын ішімнен. Бірақ тырна ұшпақ түгілі менен үріккен де жоқ. Керісінше, «Мені суретке тағы да түсір» дегендей өзектегі қоршау маңына тұра қалды. Мен де қарап қалмай түсіре бастадым. Бірнеше кадр жасағаным сол екен, смартфонымның қуаты да бітіп, сөнді де қалды. «Қап, мынаның қырсығын-ай!» деп әрі қарай жұмысыма тартып кеттім. Жұмыс орныма келгеннен кейін ғаламтордан ақ тырналар туралы мәліметтерді қарап шықтым. Сөйтсек, тырнаның бұл түрі жойылып кету қауіпінде тұр екен.

Ақ тырна — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты - ақ, қанатының ұшы - қара, тұмсығы - қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір-мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Солтүстік Азияның эндемнигі ретінде ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Бұл түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғай қорығын құруды тездету қажет. 1981 жылдан Халықараралық “Ақ тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығында, Американың Барабу, Германияның Вальсроде питомнигінде қолдан өсірілуде.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521