Ортопедиялық аяқкиімдер берілді

Орталықтың мамандары дайын болған ортопедиялық аяқкиімдерді ауданымызға жеткізді.

Биыл маусым айында ауданға Алматы қаласының "Республикалық протездік ортопедиялық орталық" АҚ-ның протез шебері келіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне қарай протез, ортопедиялық бұйымдардың өлшемдерін алып кеткен болатын.

Жақында аталған орталықтың мамандары дайын болған ортопедиялық аяқкиімдерді ауданымызға жеткізді. Олар ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға таратылып берілуде. Балаларына берілген аяқкиімдердің сапасына ата-аналар дән риза, көңілдерінен шығып отыр.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521