Майкөмгенде қаңғыбас ит көбейген

Үстері алба-жұлба, ауру-сырқауы белгісіз қаңғыбас иттер көбейсе, адамнан да, малдан да маза кетеді.

Үстері алба-жұлба, ауру-сырқауы белгісіз қаңғыбас иттер көбейсе, адамнан да, малдан да маза кетеді. Әсіресе күн суыта түссе болды, көшелерде ит қаптап кетеді.

Ауылда үйлердің бұрыш-бұрышында, қоралардың тасасында екі-үштен бүкшең қағып жүргендерін көресің. Бірді-екілі болса, ештеңе етпес-ау, бірақ иесіз иттердің тым көбейіп, мектепке, балабақшаға баратын балалардың үрейін туғызып я малды үркітіп, қуатыны жаман. Осы себептен болса керек, Майкөмген ауылының тұрғындары да жергілікті әкімшілікке төрт аяқты жануарлардың көбейгенін айтып, шағым жасаған.

Ауылдық округ әкімшілігі тұрғындардың наразылықтарын ескеріп, аудандық ветеринария бөліміне қаңғыбас иттерді жою туралы ұсыныс берген. Білуімізше, аталған бөлім бұл іске кірісіп те кеткен көрінеді.

Ж.НАУРЫЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521