"Каспий самалы" қалашығындағы сайыс

Мұнайшылар дұрыс шешім қабылдай білетін әбжіл азаматтар, майталман мамандар болуы керек.

Мұнайшылар тек қара алтын өндіріп қана қоймай, өмірде дұрыс шешім қабылдай білетін әбжіл азаматтар, майталман мамандар болуы керек. Мұндай қасиет өз саласының шебері болуға да көмектеседі.

...Командамен жұмыс істей білу, қалам мен пластикалық ыдыстарды пайдаланудың бірнеше түрлерін меңгеру, тіптен суға кетіп бара жатқан кемеден аман шығу, адамзатты радиациядан құтқару, компанияның құндылықтарын басшылыққа алу дейсіз бе - осындай маңызды тапсырмаларды «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнайшылары «Каспий самалы» қалашығында болған семинарда орындады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Ембімұнайгаз мұнайшысы» парақшасында жазылған.

embymun

Осы «Компания құндылығы, ұжымішілік коммуникация және мотивация» атты семинарға «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты барлық цехтардан 40 мұнайшы қатысты. Олар: өндірістік цехтардың жетекшілері, шеберлер мен техникалық-инженер мамандар.

Мұнайшылар семинарда шығармашылыққа және логикалық ойларға құрылған тапсырмаларды орындады. Олар топтық жұмыстың маңыздылығы, тәжірибелік жұмыстардағы көшбасшылыққа ие болу, қиын сәттерде бір-бірлеріне деген сыйластықты сақтай білу, әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдау туралы т.б. пайдалы деректермен танысты. Соңында мамандар семинарға қатысқандықтары туралы арнайы сертификаттармен марапатталған.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521