Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалай екенін айтып берді

Науқастардың екеуінде пневмония анықталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, яғни 4 сәуірде Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында 22 адам ем алуда. Оның 4-еуі індетті шетелден жұқтырған, 7-еуі көршілес аймақтардан және Атыраудан жұқтырған 11 жергілікті тұрғын.

Дәрігерлердің айтуынша, 22 науқастың жетеуінің жағдайы бірқалыпты, 8-і қанағаттанарлық, бесеуі - орташа ауыр жағдайда, екеуінде пневмония. Дегенмен, дене қызуы бірқалыпты, жасанды демалатын аппаратқа (ИВЛ) қосу қажеттігі туындаған жоқ.

Еске сала кетейік, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 531, дерттен айыққандар саны 36.

Өкінішке орай, 5 адам көз жұмды.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521