Қару сақтағанша, ақша сақта!

Биылғы жылдың сәуір айының 10-жұлдызынан бастап елімізде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды.

Аудан тұрғындары арасында осыған дейінгі акциялар кезінде үлгере алмаған немесе тапсыруға батылы жетпеген, иелігіндегі тіркелмеген атыс қарулары, оқ-дәрілері мен жарылғыш заттары болса, онда ештеңеден қорықпастан полиция органына жеткізіп, өткізгені абзал. Оны тапсырған адам ешқандай әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке тартылмайды. Керісінше, қаруын өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады. Ол үшін аудандық полиция бөліміне өтінішпен келу керек. Акцияда бұрын есепке ілікпеген қару-жарақ түрлері, автомат, аңшылық мылтық, тапанша, оқ-дәрілер, граната мен мина, сондай-ақ артиллерия снарядтары немесе жарылғыш заттар қабылданады.

Бір ескертетін жайт: жарылғыш заттар мен жарақат салуы мүмкін оқ-дәрілерді орнынан қозғаудың қажеті жоқ. Ондай затыңыз болса немесе ол жөнінде қандайма бір ақпарат білсеңіз, дереу аудандық полиция бөліміне немесе учаскелік полиция инспекторына хабарлау қажет. Ал сыйақы мөлшеріне келсек, ол төмендегідей көлемде беріледі: -иір ойықты автоматтар – 252.500 теңгеге дейін, -иір ойықты винтовкалар және карабиндер – 126.250 теңге дейін. -иір ойықты пистолеттер мен тапаншалар – 101.000 теңгеге дейін. -тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 75.750 теңгеге дейін. -жарақат салатын қарулар – 25.250 теңгеге дейін. - әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 17.625 теңге. - жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 15.150 теңге.

Тапсырылған қаруларға берілетін сыйақы оның санатына (қарудың техникалық жағдайына) қарай беріледі. Мысалы, тегіс ұңғылы атыс қаруының 1-санатына-75.750 теңге, 2-санатына-53.025 теңге, ал 3-санатына-22.725 теңге мөлшерінде. Тағы да айтамыз: полиция органына өз еркімен қару тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сондықтан аудан тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырамыз. Байланыс тел. 87020272035, 5-04-96, 51574 немесе 102 арқылы да хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ж.ҚУАНҒАЛИЕВ, аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық

және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521