Кент тұрғындарының айтары бар

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және ауыл тұрғындарымен кездесу мақсатында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бас маманы Ақылбек Едігеев, аудан прокурорының орынбасары Асылбек Мұқановтар Жаңа Қаратон кенті тұрғындарымен кездесті.

Кент әкімі Қаржау Шарғабаев ақпараттық насихат топ мүшелерін таныстырды. Ақылбек Едігеев Жолдауда айтылған міндеттер туралы баяндама жасады. Ауыл ақсақалдарының бірі Елбасының әр жылдағы Жолдауындағы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты сұрады. Бұл сауалға орай А.Едігеев тапсырмалардың орындалуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырғанын, алдағы уақытта да жарияланатынын жеткізді. Тұрғындар осындағы кәріз құдықтары ашық жатқанын, электр желілері мен көше жарығына қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар техникалық су құбырының қараусыз қалып отырғаны айтылды. Қ.Шарғабаевтың айтуынша, кезінде техникалық су құбыры жүргізілгенде оған ешқандай құжат жасақталмаған, яғни иесіз. Сондықтан оны жөндету үшін бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік болмай отырғанын, құжаттары реттеліп жатқанын жеткізді. Тұрғындардың газ, су, ток және тазалық мәселесіне орай қойған сауалдарына тиісті қызмет көрсететін мекеме басшылары мен өкілдер жауап берді. Кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбай Молдашев Теңіз кенішіндегі ТШО компаниясына мердігер мекемелердегі вахталық жұмыс мерзімін 28 күннен 15 күнге азайтуды сұрады. Қазіргі кезде қоғамда ажырасу көп екенін, соның бір ұшы жастардың осылай отбасынан ұзақ уақыт жырақта болуынан деген пікірін білдірді. Тұрғындар Жем суын реттеу мәселесін де көтерді.

Дәл осы мақсатпен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудан прокуроры Дәурен Медетбековтер Жем ауылдық округінде болды. Ауыл әкімі Бисембай Қариев кездесу мақсаты мен ақпараттық насихат топ мүшелерін таныстырып өтті. Алдыңғы кезекте Сайлаубай Сұлтанғалиұлы Жолдаудағы міндеттерге тоқталып өтті. Тұрғындар ауданымыздағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып, ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған қожалықтарға берсе деген ұсыныс айтты. Аудан прокуроры бұл бағытта анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ауыл кәсіпкерінің бірі аукционнан ұтып алған жерінің құжатын бір жылдан бері рәсімдей алмай отырғаны туралы, ал қожалық жетекшілерінің бірі салықты ауылдағы әкімдікке төлеу немесе бұрынғыдай патентпен жұмыс жасауды қайта қарау керектігін айтты. Аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиев кәсіпкерлерге бухгалтерлік есептерді жүргізу, салық мәселелеріне байланысты тегін кеңес берілетінін хабарлады. Тұрғындар газ желісін жүргізгенде қызмет көрсету бағасы қымбат екенін айтып, бұл сауалға «Жылыойгаз» ЖШС өкілі жауап берді. Ауылдағы бір топ тұрғын үйлерінің «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізілген су құбырына белгісіз себептермен қосылмай қалғанын айтты. Өз күштерімен қосылуға мүмкіндіктері болмағандықтан тым болмаса, негізгі құбырды үйлердің маңына дейін жеткізіп беруге қолдау көрсетсе деген өтініштерін білдірді. Олар ауыл маңындағы өзекке бөгет салу мәселесінің әлі күнге дейін шешілмей отырғанын айтты. Сондай-ақ ауылға спорт алаңы, балалар ойын алаңы қажеттігін жеткізді.

Қ.Нұртайұлы.

Оцените материал
(0 голосов)
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Другие материалы в этой категории:

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет