Ақылсыз бала ата-анасын сотқа сүйрейді

Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Смадияр Сыдықовтың хабарлауынша, өткен қазан айының 26-сы мен 28-і аралығында аудан аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.

Онда бөлімге 17 жасөспірім жеткізіліп, 15-інің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған жасқа темекі сатқаны үшін бір дүкеншінің үстінен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133-бабымен іс қозғалып, облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Түнгі сағат 23.00-ден бастап, таңғы сағат 6.00 аралығында көше кезіп жүрген 12 жасөспірім ұсталды. Әкімшілік кодекстің 442-бабының 2-бөлігі бойынша олардың ата-аналарына ескерту берілді. Ұсақ бұзақылық жасаған балалардың әке-шешесінің үстінен 435-бап бойынша хаттама толтырылып, мәселені шешу сот құзыретіне берілді.

Учаскелік полиция инспекторларының ықпалымен бала тәрбиесін бетімен жіберген бір ата-ана мен түрлі құқық бұзушылық жасап, көзге түскен бес жасөспірім ішкі істер бөлімінің профилактикалық есебіне тіркелді. -Шара барысында білім бөлімімен бірлесіп, жастардың көптеп жиналатын орындары, дәлірек айтқанда, Құлсары қаласының Орталық базары, вокзал, компьютерлік ойын клубтары, көпқабатты үйлердің төлелері мен шатыры, автокөлік жуу бекеттері тексеріліп, рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Әзірге бала еңбегін заңсыз пайдалану дерегі анықталған жоқ, - дейді аға инспектор С.Сыдықов.

Е.Бисекенұлы.

Оцените материал
(0 голосов)
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет